Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарсы құда", "Балдыз қалың" қазақтың салт-дәстүрлерін қаншалықты білесіз?

Опубликовано:

Қазақта құдалықтың түрі көп. "Бесік құда", "Бел құда", "Сүйек жаңғырту", "Балдыз қалың" деген салттар бар. Тарихтан келе жатқан дәстүрлерді қазіргі көпшілік біле ме? "Қарсы құда" деген кім? Бұл сұрақтарға ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: martebe.kz
Көрнекі фото: martebe.kz: Instagram

"Қарсы құда" дегеніміз – бір-біріне қыз беріп, қыз алады. Текті, көргенді жер болса, қызды туғанындай қарап, өз әулетінен бөтенсітпесе, аяласа, ол отбасының ұсынысын қабылдамасқа болмайды. Бастысы, қан бір емес. Жастар тіл табысып, көңілдері жарасса болды.

Ал "құрсақ құда" (кей өңірлерде бел құда деп айтылады) қалың достар арасындағы жіптің байлауы болып келеді. Достықтың ізін құдалықпен жалғайтындар бар. Жақын құрбылар да бір-бірінің мінезін, тәрбиесін көріп, қызын алғысы келеді, ұлын үйлендіргісі келеді.

Ал қатар босанған құрбылар, достар да бірі ұл, екіншісі қыз босанатын болса, құда болайық деп ниеттенеді. Мұны қазақта "бесік құда" деп айтады. Тіпті, нәрестеге құтты болсын айта келген туыстар арасында да бесіктегі қызды айттырып кететіндер кездеседі. Таныс, біліс жерден қыз алса, қалың мал, той шығыны, жасау деген секілді заттарға түсіністікпен қаралады.

Сонымен қатар, қазақта бүгінгі заманда көп кездесе бермейтін "балдыз қалың" деген де салт бар. Бұл қайғылы жағдай орын алғанда кейбір отбасында ғана болады. Көбінесе қарым-қатынас үзіледі. Балдыз қалың екі жақ құдаласып, той белгілеп, қалың мал төленіп қойған кезде қайғылы жағдай орын алып, болашақ келін қайтыс болса, орнын сіңлісі басып, келін болу керек. Мұны көпшіліктің көңілі көтермейді.

Егер екі жақ келіссе, жастар қарсы болмаса, құдалықты жалғастырудың әбестігі жоқ. Ол кезде шамасы жетіп жатса, қалың малды еселеп береді. Міне, осы қалың малдың артығы "Балдыз қалың" деп аталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816024-karsy-kda-baldyz-kaly-kazakty-sal-dstrlerin-kansalykty-bilesiz/

pixel