12 мың мазар: Дүниеге келмеген шараналарды жерлеген азамат әлем назарына ілікті
Жарияланған күні:
Вьетнамның Тонг Фуок Фука есімді тұрғыны түсік жасатып, балаларын алдыртып тастаған келіншектердің нәрестелерін жерлеуді ұйғарған. Сол үшін арнайы жер сатып алған ер адам оларды бірінің артынан бірін жер қойнына тапсырады. Қарапайым құрылысшының қайырымды ісі көптеген аналардың жүрегінен орын тапқан деп хабарлайды Замана басылымы.
Құрылысшы болып жұмыс істеп жүрген Тонг Фуок Фука есімді ер адам 2001 жылы аяғы ауыр келіншегімен ауруханаға барады. Дәлізде жұбайын күтіп отырған ол бір бөлмеден кезекпен жылап жатқан әйелдердің шығып бара жатқанын көреді.
Кейін белгілі болғандай, ол бөлме түсік жасататын орын болып шыққан. Болған жағдайды көрген ол көңілі түсіп, үйге қайтады.
Алайда көз алдындағы көрініс оның ойынан кетпейді. Сол себепті Тонг мұндай жағдайлардың орын алмауына аз да болса үлес қосуды ойлап, түсік жасалған балаларды жерлеуді ұйғарады.
Осылайша клиника басшылығынан рұқсат алып, дүние есігін ашпай жатып көз жұмған нәрестелерді үйінің артында жерлей бастаған.
Кейіннен олар үшін арнайы жер сатып алады. 2017 жылға қарсы арнайы жердегі мазарлардың саны 12 мыңға жеткен. Көптеген әйелдер бұл жерге келіп, шерін тарқатады.
Сонымен қатар, ер адамға жүкті болып қалған жалғызбасты келіншектер бірінен соң бірі көмек сұрап келе бастайды. Тонг келгендердің бетін қайтармай, барлығын өз үйіне тұрғызады.
Тіпті "баланы бағып-қағуға жағдайым жоқ" деген әйелдерге де босанған соң баланы өзі алып қалатынын айтып, оларды түсік жасатпауға үгіттеген.
Осылайша ол 100-ден астам баланы өз қамқорлығына алыпты. Оған бұл істе көбінесе еріктілер көмектеседі екен.
Аяққа тұрып, жағдайы ретке келе бастаған біраз әйелдер балаларын қайта әкетіп те жатады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816135-dniege-kelmegen-sbilerdi-zerlegen-er-adam-kpti-ykylasyna-blendi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.