Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды ұрықтану арқылы сәбилі болған жанұя ақыры ажырасып тынды

Опубликовано:

Американың Нью-Джерси штататынан шыққан ерлі-зайыптылар экстракорпоралды ұрықтандыруға жүгініп, артынша сан соғып қалған. Жұбайлардың сөзінше, репродуктивті аурухананың қателігінен олар азиялық нәсілді сәбиді дүниеге әкелген деп хабарлайды NBC New York арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жасанды ұрықтандырудан кейін балалы болған Кристина Кеддерич пен Дрю Василевски бөтен біреудің баласын тәрбиелеп отырғанынан секем алып қалған.

Себебі сәбидің сырт келбеті өскен сайын азиялық нәсілге тән бола бастаған, ал ата-анасы европалық нәсілді екен.

Нәтижесінде ДНҚ сараптамасы Дрю Василевскидің нәрестенің туған әкесі емес екенін көрсетті.

Дәрігерлік қателіктің салдарынан отбасында жанжал туып, содан соң тығырыққа тірелген ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.

Бұрынғы жұбайлардың сөзінше, репродуктивті дәрігерлердің қызметі үшін олар жарты миллион доллар ақша жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816289-zasandy-ryktanu-arkyly-sbili-bolgan-zana-akyry-azyrasyp-tyndy/

pixel