Қарнын тойдыру үшін бөтен біреудің үйіне жас жігіт ұятқа қалды
Опубликовано:
Американың Флорида штатының тұрғыны Сафети Харбор үйінде біреудің жүргенін естіп, оянған. Нәтижесінде ол ас бөлмеде өзіне таңғы ас дайындап, тамақ ішіп отырған белгісіз ер адамды көріп қойған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұсталып қалған ер азамат өзін байқап қалған үйдің иесінен еш сескенбеген. Керісінше, ер адам оған орнына барып, жатуға бұйрық беріпті.
Алайда Сафети ұрының "ақылын" тыңдамай 911-ге хабарласты. Мұндайды күтпеген ол тамақтануын қойып, дереу ізін суытқан.
Кейінірек полиция ащы суға сылқия тойып алған 19 жастағы Гэвин Кримді құрықтады.
Күдіктінің құлыпталмаған артқы есік арқылы үйге кіргені хабарланды. Алайда әзірге оның не мақсатпен бұлай жасағаны анықталған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816819-karnyn-tojdyru-sin-bten-bireudi-jine-zas-zigit-atka-kaldy/