Енді өмірге келетін ұлына кеспеден үй тұрғызған ер адам көпшілікті таңғалдырды
Опубликовано:
Қытайдың Цзилинь шет аймағының Чжан есімды тұрығыны жылдам дайындалатын кеспені жақсы көреді. Ол осы өнімді сататын досынан мерзімі өткен кеспені сатып алып, болашақ ұлына үй тұрғызған деп хабаралйды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чжанның саудагер досы 2000-ға жуық кеспені сата алмағанын, сол себепті олардың мерзімінің өтіп кеткенін айтып, назданған.

Кеспе қоқысқа тасталуы керек еді. Алайда кенеттен ер адам мерзімі өткен өнімнің барлығын өзіне алатынын алға тартқан. Айтуынша, Чжан жуырда ұл баланың әкесі атанбақ. Сол үшін ол кеспені ерекше құрылыс үшін қолдануды ойлапты.

Болашақ әке төрт күннің ішінде ұлына арнап бір-біріне желіммен жабысқан кеспеден үй тұрғызды. Құрылыстың жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрайды. Ол жерге баланың ойыншықтары мен төсегі емін-еркін сыйып кетеді.

Чжанның құрылысы әлеуметік желіде кеңінен талқыға түсті. Бірі ер адамның ойының ұшқырлығына таңданса, енді бірі оның болашақ балаға жауапкершілік таныта алмағанын алға тартты.

Олар баланың бір күні үйдің дәмін татқысы келіп, нәтижесінде мерзімі өткен өнім мен желімге тойып алатынын сөз етті.

Сондай-ақ, кеспенің уақыт өте көгеріп кететінін ұмытпаған дұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816864-endi-mirge-keletin-lyna-kespeden-j-trgyzgan-er-adam-kpsilikti-tagyldyrdy/