Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маса шаққан адам 9 күннен кейін көз жұмды

Опубликовано:

АҚШ-тың Мичиган штатында 64 жастағы Грегг Макчесни маса шаққаннан кейін өте сирек кездесетін ауруға шалдықты. Тоғыз күн өткеннен кейін ол көз жұмды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC
"Шілденің соңында ғана Грегг фермада болып, маған тоғандағы айлақты жөндеуге көмектескен. Ол кезде сап-сау болатын. Ауру оны 9 күн ішінде өлтіріп тынды", – дейді туған бауыры Марк Макчесни.

Дәрігерлер науқасқа шығыс жылқы энцефалитінің вирусы (ШЖЭ) диагнозын қойды. Бұл вирустың тасушылары – масалар. Өкінішке орай, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады.

Мичиган штаты денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің өкілі Джони Халдунның айтуынша, өңірде аталған вирустың өршуі байқалады.

ШЖЭ вирусына шалдығудың жеті оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ бұл дерттен жануарлар да зардап шегуде. Штатта маса шаққаннан тоғыз жылқы өліп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817930-masa-sakkan-adam-9-knnen-kejin-kz-zmdy/

pixel