Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

230 мың долларға салынған үңгір үй әлем жұртшылығын таңғалдыруда

Опубликовано:

Ұлыбританияның 37 жастағы тұрғыны өзінің науқас екенін білген соң, күйзеліске толы жұмысын тастауды шешкен. Өмірін түбегейлі өзгертпек болған кәсіпкер үңгірді пәтерге айналдырып, сол жерде демалуды шешкен деп хабарлайды bigpicture сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Анджело 1999 жылы велосипедпен серуендеу кезінде достарымен бірге 250 млн жылыдқ тарихы бар үңгірді тапты. Ол 1940-шы жылдардан бері тастанды болып саналған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2010 жылы ер адам Австралиядан Ұлыбританияға оралып, осы үңгірдің сатылып жатқанын білгенде бірден сатып алуды шешкен.

Анджело Мастропьетро өз кұшімен жылу, электр және сымсыз интернеті бар заманауи үй салып, жобаға шамамен 230 мың доллар жұмсады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Дәрігерлер Анджелоға "шаршаңқы склероз" диагнозын қойған кезде, ол осы үңгірде тұрамын деп шешім қабылдапты.

Үңгірдің іші түгелдей ақ түске боялған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Анджело басында ванна салып, кейіннен одан душ жасаған. Себебі ол көп мөлшердегі суды ысыту қиынға соғатынын түсініпті.

Сәнделген қабырға сәнді душты ерекше етеді.

Анджело Мастропьетро ас үйдің жобасын өзі жасап, өзі салған.

Үйдің иесі үңгірді заманауи үйге айналдырғанымен, ішін табиғи кейпінде қалдырыпты.

Үңгір-үйде табиғи жарықтың көп болуы үшін үлкен терезелер қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818037-230-my-dollarga-salyngan-gir-j-lem-zrtysylygyn-tagaldyruda/

pixel