Отағасы басынан қасықпен ұрған әйелінің үстінен арыз түсірді
Опубликовано:
Ресейлік полиция Иванов облысында болған отбасылық жанжалдың мән-жайын анықтауда. Белгілі болғандай, әйелі күйеуін металл қасықпен ұрған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Приволжск ауданы полициясының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Ол әйелі екеуінің алкогольді ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалғанын жеткізген.
"Жанжал кезінде 31 жастағы әйел арыз берушінің басынан металл қасықпен ұрған. Салдарынан ер адам дене жарақатын алды", – делінген полиция хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818548-otagasy-basynan-kasykpen-rgan-jelinen-stinen-aryz-tsirdi/