Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар адамның қашан өлгенін анықтайтын тәсіл ойлап тапты

Опубликовано:

Сеченов университеті мен Италияның Верона қаласының ғалымдары адамдардың қашан өмірмен қош айтысқанын анықтайтын айрықша тәсіл ойлап тапты. Олар сол әдістің көмегімен тіпті қылмыс жасалған жердің өзінде адамдардың бақилық болған мезетін дәл табуға болады дейді. Бұл туралы ren.tv-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Басылымның мәліметінше, жаңа технология микрофлюидті қағазды қолдану әдісіне сүйенеді екен. Оған сәйкес, аталмыш қағаз арқылы көз жабынындағы аммоний көлемін анықтауға болады.

Осылайша, адамның қашан бақилық болғанын білу үшін, әлгі қағаз үлгілері арнайы тестке жабыстырылады. Сол кезде аммоний мен арнайы реактив арасындағы өзгеріс тез арада телефонға түсірілетін көрінеді.

Аталмыш сурет ұялы телефондағы арнайы қосымшаға салынып, ондағы түстің өзгеру көрсеткіші бағалады.

Дәл сол нәтиже адамның қай уақытта нақты көз жұмғанын көрсетеді екен.

Ғалымдар аталмыш тың тәсіл жақын арада тергеушілердің стандартты қылмыстық чемодандарына енуі мүмкін дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818785-galymdar-adamdardy-kasan-lgenin-anyktajtyn-tsil-ojlap-tapty/

pixel