Әлемге әйгілі үздік спортшының жүрегін жаулаған ару кім?
Опубликовано:
Футболшы Вирджил Ван Дейк 2018/19 Премьер Лигасының ең үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, FIFA марапаттау рәсімінде Мессиден кейінгі екінші үздік ойыншы болды. Әлемге әйгілі спортшының осындай деңгейге жетуіне жұбайы Рики де біраз үлесін қосты деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ливерпуль" ойыншысы барлығын мінсіз ойынымен тәнті етіп, өткен маусымда Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
Ван Дейк шабуылдаушы ретінде көптің көзайымына айналып, кейін осы позицияда тұрақталып қалған.

Біраз уақыттан кейін футболшы Шотландияға, сосын Мерсисайдқа көшудің алдында Англияның оңтүстік жағалауына аттанды.

Ван Дейктің мансабы өсіп келе жатқан кезде Рики де сәнқойлық кәсіпте біраз жетістікке жете алатын еді. Дегенмен ару өзін сүйіктісіне арнағысы келіпті.

Қос ғашық бозбала күндерінен бері бірге.
Ван Дейкке алғаш рет 2013 жылы "Селтик" ойыншысы болу мүмкіндігі туған кезде бойжеткен бәрін тастап, ғашығының соңынан Глазгоға аттанды.

Олар өз сезімдерін халық алдында көрсетуге қысылмайды.

2014 жылы қыздары дүниеге келген кезде ғашықтардың бір-біріне деген сезімдері арта түскен.
Қазіргі уақытта Вирджил Ван Дейктің әлеуметтік желідегі парақшалары белсенді емес.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819756-lemge-jgili-zdik-sportsyny-zregin-zaulagan-aru-kim/