Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысықтың ернін үлкейтуден бас тартқан салон қызметкерлері дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Мәскеудің жергілікті тұрғыны сұлулық салонына мысығымен бірге келген. Ол өз сөзінде жануарлардың да сұлу болып жүруге құқы бар екенін айтып, мысығының ернін үлкейтіп беруін сұрапты. Ал өз дегенін жасай алмаған кезде келіншек дау көтерген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Басылымның сөзінше, сұлулық салонының қызметкерлері редакцияға хаарласып, жұмыс орнында болған келеңсіз жағдай туралы баяндаған.

Олардың сөзінше, бейтаныс әйел салонға кіріп келіп, мысығының ернін үлкейтуді талап етіпті.

Жануарларға мұндай шаралар қолданылмайтынын айтқан қызметкерлердің басы дауға қалған. Ал салонға келушілердің бірі полиция шақыртуды сұрап, мұндай адамға жануарды бермеу керек екенін айтыпты.

Мұны естіген келіншек келушілер мен қызметкерлерге тап беріп, содан кейін ізін суытқан.

Басылым бұл жағдайдың жай ғана қойылым болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819924-mysykty-ernin-lkejtuden-bas-tartkan-salon-kyzmetkerleri-dauga-kaldy/

pixel