Шалына ән салып берген әжей жұртты сүйсінтті
Опубликовано:
"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев Instagram парақшасында шалына ән салып берген әженің видеосымен бөлісті. Көпшілік егде жастағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына ерекше сүйсінгендерін жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әйелдің жәннаты – оның күйеуі" деген хадисті ту қылып ұстаған апалар ғой. Алла риза болсын әжемізге. Атамның көңілін бір көтеріп тастады", – деп жазды әншінің өзі.
"Шалым менің қаракөз сүйгенім" деп әндетеді әже видеода. Көпшілік бұл көрініске қарап сүйсінгендерін жасырмады.
"Атам мен апам аман болсын. Жасын бізге берсін", "Біздерге жұғысты болсын", "Бұл – Қызылорданың Шиелі ауданының тұрғындары. Мекке Мадинаға барып келген Таубаевтар әулеті. Менің түп нағашым", "Ғұмырлы болсын", "Қарап отырған көз сүйсінеді екен", "Қалай күшті өздері" деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820444-salyna-n-salyp-bergen-zej-zrtty-sjsindirdi-video/