"Жынды" қумақ болған әкесі ұлын қайнаған сумен өлтіріп қойды
Опубликовано:
АҚШ-та алты жасар ұлын өлтірді деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады деп хабарлайды FOX8 арнасына сілтеме жасааған KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік жағдай АҚШ-тың Аризона штатында болған.
31 жастағы америкалық Пабло Мартинез өзінің алты жастағы ұлының ішінде "жын бар екенін байқап", ажал құштырған.
Полиция ақпаратына сәйкес, азамат "жынды қуу" үшін баласының тамағына ыстық су құяды. Ол ұлын кранның астында 5-10 минут ұстайды.
Ал тәртіп сақшыларын отағасының жұбайы шақырыпты. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер жеткіншектің денесін кереуеттен көреді. Ол тез арада ауруханаға жеткізілгенімен, ақ халаттылар тек баланың өлімін тіркеген.
Марқұмның денесін 15 пайыз күйік шалыпты. Кінәлі азамат тұтқындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820519-zyndy-kumak-bolgan-kesi-lyn-kajnagan-sumen-ltirip-kojdy/