Тәттіні жақсы көретін әйел он минутта 50 тілім бәліш жеп қойды (фото)
Опубликовано:
АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын Молли Шайлер кәсіби тамақсау болғанына бірнеше жыл болған деп жазады 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Молли Шайлер Нью-Йорктегі "Great Pumpkin Farm" фермасына асқабақ бәлішін жылдам жеуден жарысқа қатысқан. Тәбеті мықты қатысушы 10 минуттың ішінде бәліштің 50 тілімін жеп үлгерген.

Осылайша ол штаттың жаңа рекордын орнатып, жеңімпаз атанған.
Молли мұндай жарысқа 2017 жылы да қатысып, 10 минуттың ішінде 48 тілімін жеген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820835-tttini-zaksy-kretin-jel-on-minutta-50-tilim-blis-zep-kojdy-foto/