Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі өзінің баласы сияқты көрінетін ұзын бойлы ару әлем назарына ілікті

Опубликовано:

Тура мағынада "бәріне төбесінен қарап жүретін" Элисания да Круз Сильва Бразилиядағы ең ұзын ару. Кей кездері ол мазасыз адамдардан сақтану үшін күзетшімен жүреді деп жазады Social medis news порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sm-news.ru/ Коллаж: NUR.KZ
Фото: sm-news.ru/ Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Элисания 24 жаста, бойы - 206 сантиметр. Бала күнінен-ақ оның бойы қатарластарынан әлдеқайда ұзын болыпты. Өмірде пайдаланатын барлық заттар мен құралдар орта бойлы адамға арналғандықтан, ару күнделікті түрлі қиындықтарға тап болады.

Элисания көшеге шыққан сайын адамдардың назары оның ұзыгн бойына түсетін көрінеді. Тіпті ол мазасыз адамдардың назарынан сақтану үшін күзетшімен жүреді екен.

Кездесетін қиындықтарға қарамастан, Элисанияның тамаша күйеуі мен кішкентай ұлы бар. Ұзын қыздың жолдасы өзінен жарты метрге қысқа. Алайда мұндай айырмашылық олардың махаббатарына кедергі келтірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1822210-kjeui-zini-balasy-siakty-krinetin-zyn-bojly-aru-lem-nazaryna-ilikti/

pixel