Смартфондардың кесірінен адамдарда мүйіз өсіп шығатыны рас па

Опубликовано:

Ғалымдар смартфондарды шектен тыс қолданғаннан, адамдардың бас сүйегінде мүйіз өсіп шығуы мүмкін деген болжам жасады. Австралиялық зерттеушілердің сөзінше, аталған болжам зерттеуге қатысқандардың 41%-ында анықталған деп хабарлайды mk.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Зерттеуге 18-30 жас аралығындағы жалпы саны 1200 австралиялық азамат қатысқан. Олардың бас қаңқасы рентгенге түсіріліп, 41%-дан астамынан мүйізге ұқсас өскінше анықталған.

Ондай өсінкшенің ұзындығы кей азаматтарда бір сантиметрге жетсе, енді бірінде сегіз сантиметрден асқаны белгілі болған.

Ғалымдардың пікірінше мұндай өскіндер адамдардың шамадан көп уақыт бойы смартфондарды пайдалануынан болуы мүмкін екен. Сонымен бірге олар ұялы телефон экрандарынан шығатын көк түс те адамдарға зиян екенін дәлелдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1822519-smartfondardy-kesirinen-adamdarda-mjiz-sip-sygatyny-ras-pa/