Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей астанасында Иран елшісінің қызы өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Иранның Ресейдегі елшісі Мехди Санаидың қызы Арафе Санаи Мәскеуде қайтыс болды. Ол 28 жаста болған деп жазады Life.Shot Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Telegram/Life.Shot
Фото: Telegram/Life.Shot: UGC

Telegram-арнаның хабарлауынша, Арафе Санаи аулада тұрақта тұрған көліктің үстіне терезеден құлаған.

"Звезда" телеарнасының дерегінше, Арафе Санаи Мәскеуде 4 ай тұрған.

Басылымның расталмаған ақпараттарға сүйеніп жазуынша, ол өлер алдында психологтың көмегіне жүгінген.

РИА "Новости" басылымының мәлімдеуінше, Иранның Ресейдегі елшілігі елшінің қызы 21 қазанда қайтыс болғанын хабарлаған.

Дипломатиялық өкілдіктің айтуынша, Арафе Санаидің өлімінің себебі БАҚ беттерінде жарияланып жатқандай, өз-өзіне қол жұмсау емес, жүрек талмасы болған.

Фото: Telegram/Life.Shot
Фото: Telegram/Life.Shot: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823548-resej-astanasynda-iran-elsisini-kyzy-li-kjinde-tabyldy/

pixel