Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнада иесіне шабуыл жасаған аю залды аяғынан тік тұрғызды

Опубликовано:

Карелия Республикасында (Ресей) циркте өнер көрсетіп жатқан аю сахнада жаттықтырушысына шабуыл жасады. Көптің есін шығарған сәттің видеосы ғаламторда тарап кетті деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиға кеше 23-қазанда болған.

Куәгерлердің айтуынша, өнер көрсету барысында жаттықтырушы аюға тамақ берген. Тоймай қалған болса керек, жыртқыш иесіне бірден тап береді. Бастапқыда бәрі әдейі ұйымдастырылған сценарий деп ойлапты.

Аңның азуынан жаттықтырушыны арашалап қалғысы келген көмекші шокермен аюды ұрған сәтте ғана адамдар залдан қаша бастапты.

Аю ашулы күйде аренада жүгіріп, халықтың зәре құтын қашырған. Дегенмен цирк қызметкерлері жыртқышты тамақ пен шокердің көмегімен тез арада тыныштандырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823875-sahnada-iesine-sabuyl-zasagan-au-zaldy-aagynan-tik-trgyzdy/

pixel