Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күнгі ғашықтар қартайған шағында отау құрды

Опубликовано:

АҚШ-та ерекше үйлену той өтті. Махаббат хикаялары мектеп шағында басталып, кейінірек жолдары екіге айырылған Боб Харви мен Аннет Адкинс қартайған кезде ғана отау құрды деп хабарлайды 120.su- ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Махаббат оқиғасы әлем жұртшылығының таңданысын тудырып, көпшіліктің әңгімесіне арқау болды.

Боб Харви 1955 жылы сыныпқа жаңадан келген Аннет Адкинспен танысып, оған ғашық екенін түсінген.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Олар үшін ең романтикалық сәт бітіру кешіндегі бал болды.

Қариялар сол шақты "ең бақытты кеш" деп әрдайым еске алып отырған.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Алайда мектепті бітірген соң, қос ғашықтың жолы тоғыспай, екі бөлек кетіпті.

Олар бір-бірінен байланыс үзіп, отбасылы болған.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

2017 жылы Боб мектеп кезіндегі ғашығы Аннетті әлеуметтік желі арқылы тауып алған.

Әйел адам сол шақта күйеуінен айырылып, жалғыздықтың зардабын тартып жүріпті.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Ол "бұрынғы жігітімен" қайтадан араласуды жөн деп тапқан.

Бобтың айтуынша, Аннетке қонаққа келген уақытта, оған деген сезімінің өшпегенін аңғарыпты.
Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Қариялар үйлену тойларын 20 ғасырдың 50-ші жылдардағы стильде ұйымдастырған.

Осылайша, олар "ең бақытты кештері" мектеп бітіру кешін еске түсіргісі келді.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823926-bala-kngi-gasyktar-kartajgan-sagynda-otau-krdy/

pixel