Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқас баланың еміне деп жинаған ақшаны сәбидің туған әкесі ұрлап кетті

Опубликовано:

Бразилиялық ер адам науқас ұлының еміне деп жиналған ақшаны ұрлап, көңіл көтеруге жұмсап тастаған деп жазады Известия басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Reproduсаo
Фото: Reproduсаo: Facebook

Баланың әкесі Матеус Алвес пен анасы Карин Родригес 2018 жылдан бастап баласының еміне қаржы жинаған. Сәбилері жеті айлық кезінде оған "арқа бұлшықетінің атрофиясы" диагнозы қойылған. Баланың ауруы асқынып кетпес үшін қымбат дәрі алу керек болыпты. Оның бір дозасы 90,5 мың доллар тұрады екен.

Бір жыл ішінде олар 248 мың доллар жинап, қаржыны есепшотқа салып қойыпты. Алайда ұлдың әкесі осы жылдың мамыр айында жұмыс бабымен кетуі керек екенін айтқан. Кейіннен баланың анасы есепшоттан ірі сомадағы ақшаның жоғалып кеткенін байқап, полицияға жүгініпті. Ал қаражатты жымқырған адам баланың әкесі Матеус Алвес болып шығады.

Тәртіп сақшылар Матеус Алвесті 22-қазанда қымбат қонақүйлердің бірінен ұстаған. Екі ай ішінде ол киім, әшекей, алкоголь мен жезөкшелерге 150 мың доллар жұмсап тастаған екен. Ер адам полицияға өзінің бопсалаудың құрбаны болғанын айтты. Алайда сөзін дәлелдей алмаған.

Өз әкесі ақшаны ұрлап кеткендіктен, сәби мемлекеттік жеңілдікті күтіп жүріп, сөйтіп дәрісін тамыз айында бір-ақ алған. Алайда кішкентай Мигель 17-қазанда екі жасында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823930-naukas-balany-emine-dep-zinagan-aksany-sbidi-tugan-kesi-rlap-ketti/

pixel