Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең бай адам бір тәулікте 7 миллиард доллардан айырылды

Опубликовано:

Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі саналатын Amazon компаниясының директоры Джефф Безос бір тәулікте жеті миллиард долларды жоғалтты деп хабарлайды CNBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: cnbc
Фото: cnbc: UGC

Amazon бейсенбі күні үшінші квартал ішіндегі табыс туралы хабарлады, оның нәтижелері инвесторлардың көңілінен шықпады. Amazon акцияларын сауда-саттық жабылғаннан кейін 9%-ға төмендеді. Шығыс уақыты бойынша кешкі 6-да акциялар 6,6%-ға төмендеді.

SEC-тің соңғы нәтижесіне сәйкес, Amazon-ның 57,6 млн акциясына ие Безос осылайша шамамен $ 6,9 млрд-ды жоғалтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824040-lemdegi-e-baj-adam-bir-tulikte-7-milliard-dollardan-ajyryldy/

pixel