Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде күшті магниттік дауыл соғады

Опубликовано:

Жерге күшті магниттік дауыл соғу қаупі төніп тұр. Мамандардың айтуынша, алдағы 3 күнде магниттік толқындардың әсерінен планетаның барлық тұрғындары біршама жайсыздықты сезінеді. Ол күретамырлық қысым мен жүрек соғысына әсер етуі мүмкін деп хабарлайды Вести.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

Жұлдызды жел біздің планетаға фантастикалық жылдамдық – секундына 800 шақырыммен соғуда. Мамандардың есебіне сүйенсек, бүгін ол Жердің қабатына жетеді.

ИЗМИРАН ғарыштық ауа райын болжау орталығы зертханасының меңгерушісі Анатолий Белов қазіргі уақытта жоғары жылдамдықты толқынның күннің байыпты желімен араласып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, ғарыштық құбылыс 3 күнге созылады. Бұл айтарлықтай ұзақ мерзім. Сондықтан да дәрігерлер магниттік дауыл ерекше ықпал ететін науқастарды қазірден бастап қабылдауға дайын.

Әдетте адамдарда қан қысымы жоғарылап, жүректің шалыс соғуы байқалады. Кейбірі бас сақинасы ауруына шалдығады.

Алайда, күшті магниттік толқындардан адамдар ғана зардап шекпейді. Бұл құбылыс техника жұмысына да әсер етуі мүмкін, кейде олар істен шығып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824168-aldagy-s-knde-ksti-magnittik-dauyl-sogady/

pixel