Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голландияда студенттер өлімді қабылдау үшін қабірге жатып көруде (видео)

Опубликовано:

Нидерландының Радбод Утрехтский атындағы Неймеген университеті жоғары оқу орны аумағында студенттерге арналған қабір қазған. Олардың пайымдауынша, студенттер осы қабір арқылы өлімнің қандай болатынын түсіне алады екен деп жазады vokrugsveta.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Ашық қабір студенттер шіркеуінің бағында орналасқан. Оның іші дымқыл тартқандықтан, оған арнайы кілемше төселген. Студенттер жақындарының өлімінің қабылдау үшін қабірге түсіп, жатып көретін көрінеді.

"Осыдан бірер апта бұрын бір жас бала келіп, екі сағаттай қабірде жатты. Ол осымен досының өлімін қабылдамақ болған. Өкініштісі оның досы өз-өзіне қол жұмсаған", - дейді университет мамандары.

Қабір университет аумағында 2009 жылы қазылған. Оны жергілікті дін қызметшісі Джон Хакинг қазған. Алғашқы үш жылда оны 39 адам пайдаланса, биылғы жылдың тоғыз айында 15 адам қабірге түскен.

Дін қызметшісінің айтуынша адамдар оған кіріп, өлімнің қандай екенін білетін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824682-gollandiada-studentter-limdi-kabyldau-sin-kabirge-zatyp-krude-video/

pixel