Пәкістанда пойыз өртке оранып, 25 адам қайтыс болды (видео)
Опубликовано:
Пәкістанда пойызда шыққан өрттің нәтижесінде 25 адам қайтыс болды. Тағы 30 жолаушы жараланған деп хабарлайды Риа Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін 10 адам қайтыс болып, тағы 30 жолаушы жараланған деп хабарланған еді.
Пойыз Карачи қаласынан Лахорға қарай бағыт алған.
Компания өкілінің сөзінше, өрттің шығу себебі - тамақ дайындауға пайдаланылған газ баллонының жарылуынан болған.
Қызыл жалын пойыздың үш вагонын өртке ораған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824981-pkistanda-pojyz-rtke-oranyp-25-adam-kajtys-boldy-video/