Пәкістанда 73 адамның өмірін қиған пойыздағы өрттің алдын ала себебі айтылды

Опубликовано:

Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында пойыздың өртенуінен қаза болғандар саны 73-ке жетті, ондаған адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Бұдан бұрын жантүршігерлік өрттен 62 адамның қаза болғанын хабарлаған еді.

Алдын ала деректерге сәйкес, өрттің шығуына тамақ пісіруге пайдаланылған газ баллонының жарылуы себеп болған.

Куәгерлердің айтынша, жалын шарпыған үш вагонның түгі қалмаған.

Бұдан бұрын темір жол министрі Шейх Рашид өрт шықса да қозғалысын тоқтатпаған пойыздан секірмек болған адамдардың көп бөлігі қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, алдағы бірнеше сағатта теміржол қозғалысы қайта іске қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825074-pkistanda-73-adamdy-azal-kstyrgan-pojyzdagy-rtti-aldyn-ala-sebebi-anyktaldy/