Тарихтағы ең ұзын тісті жұлған стоматолог Гиннесстің рекордтар кітабына енді
Опубликовано:
Германияның Оффенбах қаласының тіс дәрігері науқастың ұзындығы 3,7 сантиметр болатын тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

29 қазанда стоматолог Макс Лукасқа тарихтағы ең ұзын тісті жұлғаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабының сертификаты табыс етілді.
2018 жылы оған Майнц қаласының тұрғыны жүгініп, тісінің қатты ауыратынын айтқан.
Лукас науқасты тексеріп, оның аномальді ұзын тісі бар екенін анықтаған. Қызыл иектен тістің төрттен бір бөлігі ғана шығып тұрған.
Стоматолог бұл еңбегін Гиннесстің рекордтар кітабына енгізу үшін бір жыл бойы құжаттар жинаған екен.
"Бұл рекорд туралы бүкіл әлемнің дантистері білетін болады", – дейді дәрігердің өзі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825113-tarihtagy-e-zyn-tisti-zlgan-stomatolog-ginnessti-rekordtar-kitabyna-endi/