Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эверест шыңын бағындырмақ болған альпинист көз жұмды

Опубликовано:

Ұлыбританиядан шыққан альпинист көптен бері армандаған Эверест шыңына көтеріліп жатқан кезде қайтыс болды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Kellinu Portelli
Фото: Kellinu Portelli: UGC

54 жастағы Келлину Портелли обыр ауруымен ауыратын науқастарды қолдау үшін қаражат жинау қайырымдылық акциясы аясында Гималайға саяхат жасады.

Қайғылы оқиға болатын күні ер адам базалық лагерьде өктен фестивальді атап өтіп, жергілікті тұрғындарымен көңіл көтеріп, билеген.

Осыдан кейін Портелли өз шатырына кіріп, оттектің жетіспеуінен, ұйықтап жатып қайтыс болған. Ер адам Катмандуда орналасқан ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Десе де, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Альпинистің әйелі Донна Портелли оны сезімге берілгіш, отбасын жақсы көріп, қадірлеген адам ретінде сипаттады.

"Ол 40 жасқа толғанда артық салмақ жинап алды. Сол себепті жүгіре бастады, көп ұзамай физикалық жаттығулар оның өмірінің ажырамас бөлігіне айнала бастады. Ол ерекше нәрсе жасап, Marie Curie обырымен күрес қоры үшін ақша жинағысы келген. Сол себепті Эверестке аттанды", - дейді марқұмның әйелі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825157-everest-syyn-bagyndyrmak-bolgan-alpinist-kz-zmdy/

pixel