Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хэллоуин тойлаған қыз жол апатына түсіп, оны бәрі өлді деп ойлап қалған

Опубликовано:

АҚШ-та хэллоуин мерекесіне арналған макияжымен көлік тізгіндеген сутдент қыз жол апатына ұшырады. Қызығы сол, келген жедел-жәрдем мен полиция оны қайтыс болды деп ойлаған деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/SidwWolfe
Фото: twitter.com/SidwWolfe: Facebook

Батыс Вирджинияда тұратын Сидни Волд өзінің қызықты оқиғасымен Twitter әлеуметтік желісінде бөліскен.

Сиднидің айтуынша, сол күні университеттен кеш қайтқан. Хэллоуинді тойлау барысында Стивен Кингтің белгілі мюзиклін қойып, ол Кэрридің рөлім сомдаған.

Күні бойы шаршаған қыз, киімін ауыстырып, үстінде қанға ұқсас бояуын өшірместен, көлікке отырады. Сөйтіп үйге қайтып бара жатқан жолда алдынан бұғы шығып қалып, апатқа ұшырайды.

Куәгерлер тез арада жедел-жәрдем мен полиция шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер қызды өліп қалды деп ойлаған. Бірақ артынша түсініспестік шешіліп, Сиднидің жарақттарын таңып беріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825218-hellouin-tojlagan-kyz-zol-apatyna-tsip-ony-bri-ldi-dep-ojlap-kalgan/

pixel