Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Физикалық жаттығусыз арықтаудың жолы табылды

Опубликовано:

Диетоголтар қандай да бір себептермен физикалық жаттығу жасай алмайтын адамдарға арықтау үшін пайдалы кеңестер берді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Мамандардың мәліметінше, арықтау үшін тамақ рационында ет, құс, тауық сияқты ақуызға бай азық-түліктерді көбейту қажет.

Бұларға балама ретінде тофу, үрмебұршақ, асбұршақ, ноқат, жаңғақтар, чиа дәндері, асқабақ дәндері және тұздалмаған жержаңғақты пайдалануға болады.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, тек белгілі бір уақытта ас ішетін "кідірмелі" тамақтану тәртібін қалыптастыру керек.

Мысалы, адам сегіз сағат ішінде калорияның бір тәулікке белгіленген нормасын қорек етеді. Ал қалған 16 сағатта азықсыз жүре береді.

Диетологтардың кеңесі бойынша, аптасына үш күн калорияның тәуліктік нормасынан 25 пайызын азық етіп, ал қалған күндері әдеттегідей тәртіпте тамақтану қажет. Бірақ, тойып жемеу керек.

Мамандар арықтауға ниет білдірген адамдарды тәттіден, тәтті сусындар мен энергетиктерден бас тартуға шақырады.

Сонымен қатар, диетологтар күйзеліске бой бермеу керектігін атап өтті.

"Себебі, күйзеліс адамның тәбетін ашады. Сондай-ақ арықтау үшін тұрақты жақсы ұйқының пайдасы мол", – дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825532-fizikalyk-zattygusyz-aryktaudy-zoly-tabyldy/

pixel