Қоластындағы қызметкерімен көңіл қосқан McDonald's басшысы отставкаға кетті
Опубликовано:
McDonald's корпорациясы Стив Истербрукты басшылық қызметтен босатты. Оның қызметін енді жаңа басшы Крис Кемпдзински атқарады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"McDonald's корпорациясы директорлар кеңесінің шешімімен жаңа президент және бас атқарушы директор лауазымына Крис Кемпдзински тағайындалғанын жария етті. Шешім дереу заңды күшіне енеді", – делінген хабарламада.
Компанияның баспасөз хабарламасында Истербруктың отставкаға кетуіне оның қоластындағы қызметкер әйел адаммен романтикалық қарым-қатынасы себеп болған.
Бұл корпоративтік этиканы бұзу болып саналады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825568-kolastyndagy-kyzmetkerimen-kil-koskan-mcdonalds-bassysy-otstavkaga-ketti/