Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киану Ривз 46 жастағы сүйіктісімен бірге ел алдына шықты (фото)

Опубликовано:

Әйгілі актер Киану Ривз араға бірнеше жылдар салып, әйел адаммен бірге ел алдына шықты. Ол Лос-Анджелесте өткен LACMA Art + Film фестивалінде 46 жастағы Александра Грантпен қол ұстасып жүрген деп жазады 360 телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

55 жастағы актер іс-шараға суретші Александра Грантты ерте келіпті. БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, жұп бірнеше айдан бері кездесіп жүр. Алайда бұл ақпар ғашықтар тарапынан ресми расталмаған.

Америкалық журналистер бір ай бұрын актер мен суретшіні жасырын үйленіп алған деп болжап отыр.

Олай болжам жасауға да негіз бар. Өйткені, Ривз бен Грант маусымнан бері барлық кештерге бірге барып жүр екен.

Айта кетсек, Киану Ривз ешқашан отбасын құрмаған.

Ол 90-жылдары актриса Дженнифер Сайммен кездескені белгілі. 1999 жылы олардың Аву есімді қыздары өлі күйінде туылған. Осыдан екі жыл өткен соң, 2001 жылы Сайм жол апатынан қайтыс болады. Киану Ривз сүйіктісін қызының жанына жерлеген.

Одан кейін оның жанынан ешқандай сылқым көрінбеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825655-kianu-rivz-46-zastagy-sjiktisimen-birge-el-aldyna-sykty-foto/

pixel