6 апта бойы ұйықтай алатын ерекше балақай туралы не білеміз
Опубликовано:
Англияның Корнуолл қаласында Клейн-Левиннің синдромына шалдыққан балақай тұрады. Дерті асқынған кезде 11 жастағы Мейсон Хау бірнеше апта бойы қалың ұйқыға кетеді. Бұл өте сирек кездесетін ауру және оның белгілерін анықтау қиын деп жазады bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

Дерті қозғанда Мейсон күні-түні ұйықтайды, ал қалыпты жағдайда үнемі шаршап, есінейді. Оның 41 жастағы анасы Мэри баласының терең ұйқыдан оянған кезде үнемі қарны ашатынын айтады.

"Бұл жануарлардың ұйқыға кетуі секілді", – дейді ол.

Ең соңғы рет Мейсон 6 апта бойы қалың ұйқыда болған. Осыншама ұзақ уақыт ұйқыда болғанның әсерінен ол үнемі есіндейді екен.

Мамандар баланың бұл синдромға шалдығуының нақты себебін әлі күнге дейін анықтай алмай келеді. Бірақ, олар дерттің генетикалық факторлармен байланысты екенін болжауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825674-6-apta-bojy-jyktaj-alatyn-erekse-balakaj-turaly-ne-bilemiz/