Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Арпалыс»: Бизнесменнің өмірі туралы шытырманға толы сериал көрерменге жол тартты

Опубликовано:

«Atameken Business» телеарнасы өз көрермендеріне, тағы да бір, қызықты да мазмұнды жобаны ұсынбақшы. 2019-шы жылдың 4-ші қарашасы күні арна эфирінде, кешкі прайм уақытында «Арпалыс» телехикаясының көрсетілімі басталды. Телехикая оқиғасы консалтинг компаниясын басқаратын Айдын есімді бизнесмен өмірінің шым-шытырман шақтарын баяндайды.

«Atameken Business» телеарнасында бизнестегі қатыгездік, махаббаттың құдіреті, достық пен сатқындық ұғымынан сыр шертетін «Арпалыс

Оның бизнесі өз ісін жаңадан ашпақшы жас кәсіпкерлерге көмек көрсету бағытында құрылған. Дамып келе жатқан фирманың Мирас есімді жетекші маманы, аяқ астынан, жұмыстан кетіп қалады.

«Atameken Business» телеарнасында бизнестегі қатыгездік, махаббаттың құдіреті, достық пен сатқындық ұғымынан сыр шертетін «Арпалыс

Айдынның компаниясына қаржы салмақшы инвесторлар маңызды келісім-шарттарға қол қоюдан бас тартады. Бас қаһарман өзі жылдар бойы құрып, жетілдіре түскен бизнесін қаржылай күйреуден сақтап қалғысы келеді. Хикаяның өне бойы (15 бөлім) ол инвестор іздеп, ұжымдағы мамандар да өзін қолдаса деп күтеді. Өз бизнесі құрдымға кетуге сәл тұрса да, Айдын бастаушы кәсіпкерлерге көмектесуден бас тартпайды.

Тіршілігіндегі қиыншылықтарға жеке өмірі мен тұрмыстағы проблемалар қосылады. Компанияға Гауһар есмді жаңа маман жұмысқа тұрғаннан бастап, Айдын мен оның қызы Камилланың арасы бұзылады.

«Atameken Business» телеарнасында бизнестегі қатыгездік, махаббаттың құдіреті, достық пен сатқындық ұғымынан сыр шертетін «Арпалыс

Бұл хикаяда қастерлі достық та бар, ыстық махаббатты да табасыз, «әке мен баланың» бітіспес тартысын да, сайқал сатқындықты да көресіз. Жобаның ерекшелігі – сюжеті кенеттен өзгеріп, күтпеген сарынға түсіп жатады, оқиғалары қитұрқы дамып, бас қаһарманның мінезін аша түседі де, оның бизнесте кездесетін күрделі мәселелердің шешімін қалай табатынын ұтымды көрсетеді. Телехикая авторлары жеке кәсіптегі жандардың қандай қиындықтардан өтіп, қандай қадамдарға барып жататынын, жетістікке қандай жолмен жететінін шынайы да қызықты суреттей білген.

«Atameken Business» телеарнасында бизнестегі қатыгездік, махаббаттың құдіреті, достық пен сатқындық ұғымынан сыр шертетін «Арпалыс

Идея авторы «Atameken Business» арнасының бас директоры Қанат Сахария мен бас продюсері Әлия Баймұхамедова.

Телехикаяның Бас продюсері Азамат Атагелдиев «Телехикаяда ойнауға белгілі әртістерді де, талантты, келешегінен үміт күттіретін жастарды да шақырдық. Басты ролдерді Нартай Сауданбекұлы, Сайлау Камиев, Нарқыз Тамабай мен Гүлнар Ормановалар сомдайды. Жақсы жоба жасап шықтық деп ойлаймын. Отандық медиарнарықта кәсіпкерлердің өмірі мен тірлігін сыйпаттайтын телехикаялар әлі де аз. Әрине, бұл сияқты кәсіпкердің қиын қыстаулы, қызықты да еліктіргіш өмірі туралы әңгімелейтін жобалар көрермен үшін қажет-ақ. Бұл бағытта «Atameken Business» арнасының ролі орасан зор. Телехикая көрерменнің көңілінен шығады деген үмітіміз бар», - дейді.

«Atameken Business» телеарнасының эфирінде жұмыс күндері көрсетіліп тұратын «Арпалыс» хикаясын жіберіп алмаңыздар!

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825747-arpalys-biznesmenni-miri-turaly-sytyrmanga-toly-serial-krermenge-zol-tartty/

pixel