Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті қызымен ара-қатынасын үзген жігіт бірден байып кетті

Опубликовано:

Австралияның Мельбурн қаласының тұрғыны қызымен ара-қатынасын үзгеннен кейін, бірнеше минут ішінде 800 мың австралиялық доллар ұтып алды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Кенни есімді жігіт Мельбурн кубогындағы жылқылардың бәйгесін тамашалап отырған. Сол кезде оның сүйіктісі ара-қатынасын үзгісі келетінін айтыпты.

Олардың қызу тартысқа түскені соншалық, жігіт өзінің бәс тіккен жылқылары мәреге бірінші болып жеткенін аңғармай қалған екен.

Бойжеткен жарыс өтіп жатқан "Корона" казиносының есігіне қарай бет алған кезде, жігіт өз аккаунтын тексеріп, жеңімпаз атанғанын түсінген.

Ал ұтыс туралы білген ару біраз кідіре тұруға шешім қабылдапты. Дегенмен, ақыр соңында жұп айырылысып кеткен екен.

Жеңімпаздың айтуынша, ол ұтқан ақшасына баспана сатып алуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1826363-sjikti-kyzymen-ara-katynasyn-zgennen-zigit-birden-bajyp-ketti/

pixel