WhatsApp мессенджері ереже бұзған қолданушыларды өмір бойына бұғаттап жатыр
Опубликовано:
WhatsApp мессенджері дөрекі атауы бар топқа қосылған қолданушыларын өмір бойына бұғаттап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

"Аккаунтым бұғатталып қалды" деп арызданушылар саны соңғы апталарда жиілеп кеткен.
Мессенджер әкімшілігі болса "арам пиғылды" топтарға кірген азаматтардың бұғатталып жатқанын хабарлаған.
WhatsApp баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұғатталғандар - жүйенің ережесін бұзған қолданушылар. Сондай-ақ бұғатты шешуге тырысудың еш мәні жоқ.
Басылымның хабарлауынша, соңғы уақытта WhatsApp желісі агрессия, экстремизм, фейк жаңалықтар және спаммен күресті күшейткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1826847-whatsapp-messendzeri-ereze-bzgan-koldanusylardy-mir-bojyna-bgattap-zatyr/