Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 жастағы ару түнгі клубта босанып қалды

Опубликовано:

Францияның Тулуз қаласының тұрғыны O’Club түнгі клубтағы би алаңында босанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл жағдай 11 қараша күні жергілікті уақытпен 5:30-да орын алған. Клуб иесі оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

"Клуб жабылып, адамдар аз қалған еді. Менің қызметкерлерімнің бірі маған жүгіріп келіп, көмек керек екенін айтты. Мен келуші қыздың босанғалы жатқанын көрдім", - дейді клуб иесі.

Клубтың қызметкері жедел жәрдемге хабарласып, кезекші оператор әйел адамды қалай босандыру керек екенін айтып берген.

Соны арқасында клуб қызметкерлері жұмыла отырып, 19 жастағы аруды босандырып алған. Олардың сөзінше, осындай төтенше жағдай кезінде олар бірлесе отырып, жақсы жұмыс атқарыпты.

"Бұл клубтың ең ерекше жабылуы болды. Командамыз бірлесе жұмыс істеді. Ең соңында бәріміз көзімізге жас алдық. Қуанышқа орай, арамызда ешкім қобалжып, шошынған жоқ. Қолымыздан барлығы келді", - дейді клуб менеджері.

Оның сөзінше, 19 жастағы аяғы ауыр аруды клубқа оның құрбылары ертіп әкелген. Олар оның көңілін көтергісі келіпті.

"Ол алкогольді сусын ішпеген", - дейді меңгеруші.

O’Club өкілдері баланың болашақта фейс-бақылауды өтпей, мекемеге емін-еркін келе алатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827199-19-zastagy-aru-tngi-klubta-bosanyp-kaldy/

pixel