Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түні бойы ұялы телефонмен ойнаған қыздың бір көзі көрмей қалды

Опубликовано:

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында тұратын қыздың смартфонды ұзақ уақыт бойы қолдануының кесірінен бір көзі көрмей қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жас қыз түні бойы ұялы телефонында ойын ойнаған. Ертесіне ұйқыдан оянған соң, бір көзі көрмей қалғанын түсінген.

Қытайлық ару бірден ауруханаға жүгінген. Дәрігер Цю Ванцзянь оның көзінің ішкі тор қабығы қанталағанын, соның кесірінен көрмей қалғанын жеткізді.

Науқасқа Вальсальва ретинопатиясы диагнозы қойылды. Дәрігер көзге артық физикалық күш түскендіктен қан тамырларының жарылғанын мәлімдеді.

Медиктер лазердің көмегімен тор қабығында шағын тесік жасап, артық қанды алып тастады. Қазіргі таңда науқас қалпына келіп жатыр.

Бұған дейін Таиландтың Удонтхкани қаласында түні бойы компьтерлік ойын ойнаған жасөспірімнің көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Демалыста жүрген 17 жастағы Пляват Харикин бос уақытының барлығын компьтерлік ойындарға арнаған. Күні-түні монитордың алдында отырып, онлайн-ойындар ойнауды әдетке айналдырыпты.

4 қараша күні оның бөлмесіне кірген әкесі Джаранвит баласының жерде ес-түссіз жатқанын көреді.

Басында оятуға тырысқан, алайда, кейіннен жеткіншектің жан тапсырғанын түсінген.

Дәрігерлер оның түнімен компьютер ойнауына байланысты инсульт алды деген тұжырымға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827406-tni-bojy-aly-telefonmen-ojnagan-kyzdy-bir-kzi-krmej-kaldy/

pixel