Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Бүкілхалықтық дауыс беру мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Қазақстандықтардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші маусымының фаворитіне дауыс беру уақыты ұзартылды. Дауыс беру 25 қараша күні сағат 23.59-ге дейін жалғасады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру мерзімі ұзартылды
Сурет: Қазақстанның 100 жаңа есімі: Facebook

Естеріңізге сала кетейік, жоба жеңімпаздарын 100janaesim.ruh.kz сайтында таңдау мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта үміткерлерге 700 мыңнан астам дауыс берілді. Дегенмен, жобаны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, дауыс беру барысында техникалық қызметкерлер жекелеген кандидаттар тарапынан бірқатар манипуляцияларды тіркеген болатын.

«Біз кез келген санкцияланбаған әрекеттерді мұқият қадағалаймыз, сондықтан осындай жолмен алынған дауыстар тіркелмейді. Қатысушыларды алдағы уақытта өздерінің беделін түсіре алатын манипуляцияларға жүгінбеуді сұраймыз», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Анықталған манипуляция құралдарының арасында дауыстарды айналдыру бойынша сервистерді пайдалану, портал жұмысының бәсеңдеуіне әкелетін бір IP мекенжайдан жаппай дауыс беруге әрекеттері байқалған.

Рұқсат етілмеген іс-әрекеттердің өткізілуіне байланысты дауыс беруді 25 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Ұйымдастырушылар өз шешімін: «Біз «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарында еліміздің ең лайықты азаматтары болғанын қалаймыз», - деп түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827975-kazakstanny-100-zaa-esimi-zobasy-bojynsa-bkilhalyktyk-dauys-beru-merzimi-zartyldy/

pixel