Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы қытайлық "скакалкамен" секіруден Гиннестің рекордын жаңартты

Опубликовано:

Норвегия астанасы Ослода "Скакалкамен" секіруден алтыншы халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш жарыс кезінде Гиннестің рекорды жаңартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Цэнь Сяолинь. Кадр видеодан алынды
Цэнь Сяолинь. Кадр видеодан алынды: Facebook

Турнирге Қытайдың Гуанчжоу қаласынан келген 17 жастағы Цэнь Сяолинь 30 секунд ішінде 228 рет "скакалкамен" секіріп, Гиннестің рекордын жаңартты.

Сондай-ақ ол 30 минут ішінде 1141 рет секіріп, өзінің жеке рекордын да жаңартқан. Былтырғы жылы жас атлет жарты сағатта 1136 рет секірген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін, тарихтағы ең ұзын тісті жұлған стоматологтың Гиннестің рекордтар кітабына енгенін хабарлаған едік.

Германияның Оффенбах қаласының тіс дәрігері Макс Лукас науқастың ұзындығы 3,7 сантиметр болатын тісін жұлып, әлемдік рекорд орнатты.

2018 жылы оған Майнц қаласының тұрғыны жүгініп, тісінің қатты ауыратынын айтқан.

Лукас науқасты тексеріп, оның аномальді ұзын тісі бар екенін анықтаған. Қызыл иектен тістің төрттен бір бөлігі ғана шығып тұрған.

Стоматолог бұл еңбегін Гиннесстің рекордтар кітабына енгізу үшін бір жыл бойы құжаттар жинаған екен.

"Бұл рекорд туралы бүкіл әлемнің дантистері білетін болады", – дейді дәрігердің өзі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828175-17-zastagy-kytajlyk-skakalkamen-sekiruden-ginnesti-rekordyn-zaartty/

pixel