Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтқынмен көңіл қосқан түрме қараушысы сот алдында жауап берді

Опубликовано:

Британиядағы ерлерге арналған HM Prison Berwyn түзету мекемесінде күтуші ару құпия түрде жаза өтеушімен көңіл қосқан деп күдіктелуде. Бұл туралы Daily Mirror басылымы жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

27 жастағы Айша Ганн аталған түзету мекемесінде тонау бойынша жазасын өтеп жатқан 29 жастағы қылмыскер Курам Разакпен романтикалық қарым-қатынаста болған деп айыпталып, сот алдында жауапқа тартылды. Оның қорғаушысының айтуынша, айыпталушы 2018 жылғы 31 шілде мен 20 қараша аралығында заңға қайшы әрекеттерге барғанын мойындап отыр.

Уэльстің солтүстік-шығысындағы Рексхэм графтығы Джонстаун ауылында тұратын Айша Ганн соттың келесі тыңдауына дейін кепілдікпен босатылды. Аталған іс бойынша келесі сот отырысы 23 желтоқсанға белгіленді. Жаза өтеуші Курам Разак 27 қарашада сотқа видеобайланыс арқылы жауап береді.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға биылғы мамыр айында АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында орын алыпты.

Жергілікті қатаң тәртіптегі Киркленд түзету мекемесінде жаза өтеушіден жүкті болғаны анықталған түрме қараушысы тұтқындалды.

Белгілі болғандай, 29 жастағы түрме қызметкері бірнеше ай бойы қылмыскермен жыныстық қатынасқа түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829306-ttkynmen-kil-koskan-trme-karausysy-sot-aldynda-zauap-berdi/

pixel