Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдар әйелдің төсіне не себепті қызығады

Опубликовано:

Ғалымдар ер адамдардың әйелдердің төсіне не себепті қызығатынын білу үшін, ерекше зерттеу жасады. Мамандардың айтуынша мұндай зерттеуге ер адамдармен бірге әйелдердің өзі де қатысқан екен деп жазады KAZ.NUR.KZ mk.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Зерттеу барысында, бір қызығы әйелдер де ер адамдар сияқты төстің пішіні мен оның төменгі жағына баса мән беретіні анықталыпты.

Десе де ер адамдардың арасында әйелдер омырауының жоғары жағына, жалпы олардың пішініне мән бергендер де табылыпты. Ғалымдардың сөзінше зерттеу нәтижесінде, оған қатысқан ерлер мен әйелдердің көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық болмаған.

Мамандар мұндай зерттеу әсіресе әйел адамдардың төсіне ота жасайтын пластикалық хирургтерге пайдалы дейді.

Себебі олар осы зерттеудің нәтижесінде, әйел адамның төсінің пішінінің өзгеру себебін тез анықтай алатын болады дейді. Олар зерттеуді қай пішіндегі омырауға ерлер қызығатынын білу үшін жасамадық деген болжамды айтып отыр.

Зерттеу нәтижесі Plastic and Reconstructive Surgery журналында жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар әйелдердің төс пішінінің үлкен болмағаны үшін, күйзеліске түсетінін жарияланған еді. Олар тіпті төс пішінінің өзгеруінен әйелдер психикалық ауруға шалдығуы мүмкін деген болжам айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830382-er-adamdar-jeldi-tsine-ne-sebepti-kyzygady/

pixel