"Miss Universe" байқауының қатысушылары макияжсыз келбетін көрсетті
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде сұлулық байқауына қатысушылардың макияжсыз түскен суреттері танымал болып жатыр. Бұл бірер күннен кейін басталатын "Miss Universe" халықаралық байқауының алдында трендке айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

8 желтоқсан күні бүкіл әлемге танымал "Miss Universe" халықаралық сұлулық байқауы басталады деп күтілуде. Сайыста арнайы әзірленген тәжге ие болу үшін әлемнің 90 елінен ұлттық конкурстың жеңңімпаздары қатысады.
Алдағы байқау барлық елдегі көрермендер үшін аса маңызды. Сол себепті байқауға қатысатын арулар да жіті назарда.

Бұл "марафон" ешқандай кометикасыз, қымбат киімдер мен әшекейлерсіз, сондай-ақ графикалық редакторсыз-ақ қыздардың сұлулығын көрсету үшін жасалған.

Аталған марафон көпшілікті бей-жай қалдырмаған. 13 елдің - Израиль, Грузия, Польша, Ирландия, Мальта, Сент-Люсия, Ямайка, Гаити, Гуам аралы, Багам аралы, Чили, ОАР және Моңғолияның сұлулары макияжсыз суреттерін ел назарына ұсынған.

Батыл арулар - қабат-қабат жағылған косметикасыз да сұлу екенін айта кеткен жөн.










Еске салайық, 8 желтоқсанда өтетін аталмыш байқауға Қазақстан намысын 18 жастағы Атырау қаласының тумасы, 2018 жылы "Қазақстан аруы" болған Альфия Ерсайын қорғамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830680-miss-universe-bajkauyny-katysusylary-makiazsyz-kelbetin-krsetti/