Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйеліне арқасын "төсеген" болашақ әке желідегілерді тамсандырды

Опубликовано:

Қытайлық Дэяна қаласынан шыққан ер адам дәрігер қабылдауында кезек күтіп тұрып, шаршап қалған жүкті әйеліне арқасын төсеп, әпсәтте желі жұлдызына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su басылыма сілтеме жасап.

Жүкті әйеліне арқасын "төсеген" болашақ әке желідегілерді тамсандырды
Фото: 120.su: UGC

Дәрігердің қабылдауына келген ерлі-зайыптылар кезегін күтіп, есіктің жанында ұзақ уақыт тұрды. Аяғнан тік тұрып шаршаған аяғы ауыр келіншек қинала бастады. Оны көрген әйел адамның күйеуі бірден жерге отырып, жұбайына "орындық" болып берді.

Сүйіктісіне арқасын төсеген болашақ әкенің іс-әрекеті аурухана қызметкерлері мен болашақ аналарды ғана емес, сонымен қатар, желі қолданушыларының да езуін тартқызды.

Жұбайының демалғанын ойлап, қамын жасаған ер адам бірден желі жұлдызына айналды.

Видеоролик әлеуметтік желілерге тарап, біраз талқыға түсті.

Дүйім жұрт болашақ әкенің осындай іс-әрекетін жоғары бағалап, нағыз әкенің сондай болу керек екенін жарыса жазды.

Көпшілікті жүкті әйелге орын бермей, бей-берекет отырған дамдар қатты таңырқатты. Кадрдан олардың орындыққа жайғасып алып, әйелге тіпті, орын беруге тырыспағанын анық ткөруге болады.

Айта кетейік, Ресейде жүкті әйел перзентханаға кіре алмай, амалсыз көлікте босанған болатын.

Толғақ қысқан әйелін перзентханаға өзінің жеке көлігімен әкелген азаматты мекемеге күзет қызметкері кіргізбеген.

Ешбір медициналық көмек көрсетілмеген әйел көлік ішінде босанған.

Осы оқиғадан кейін бас дәрігер тәртіптік жазаға тартылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830866-zkti-jeline-arkasyn-tsegen-bolasak-ke-zelidegilerdi-tamsandyrdy/

pixel