Фотограф қалыңдық көйлегімен тұрған иесін көрген төбетті суретке түсіріп, жұлдыз болды
Опубликовано:
АҚШ-тың Алабама штатының Перри Фарлоу есімді тұрғыны тойларды суретке түсіріп, нәпақасын көріп жүрген. Сондай бір тойлардың бірінде ару қалыңдық көйлегін киіп тұрған иесін көрген төбетті суретке түсіріп, кең танымалдыққа ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Перри 2008 жылдан бері фотограф болыпе жұмыс істейді. Оның тапсырыстарының тең жартысы үйлену тойлары тақырыблына қатысты.

Үлкен өмірге енді аяқ басқан қос-ғашықтың маңызды күнін суретке түсіріп үйреніп қалған фотограф өмірінде бірінші рет осыншалық ерешке фототүсірілім жасады.

Қалыңдық маңызды күні толқып, уамдап тұрды. Сол себепті ару сабырға келіп, тынышталу үшін өзінің жанына ең жақын досын, Зике есімді лабрадор итті шақырды.

Фотограф осы сәтті суретке түсіріп, желіге жүктеді. Осылайша қалыңдық пен оның досы әпсәтте ғаламтордың жұлдызына айнала кетті.

Фотосуреттер Facebook парақшасында лезде таралып, көпшлікті сүйсінтті.
Өз иесінің қалыңдық көйлегін киіп тұрғанын көрген екі жасар төбеттің реакциясы керемет еді.

Зике иесі үшін маңызды күні мерекенің шырқын бұзбау үшін қолынан келгенше тырысты. Десе де қалыңдық көйлегімен тұрған аруды көрген кезде оған жармасып, сүйікті иесіне еркеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830877-fotograf-kalydyk-kjlegimen-trgan-iesin-krgen-tbetti-suretke-tsirip-zldyz-boldy/