Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

36 жастағы келіншек кішігірім жара үшін тілінен айырылды

Опубликовано:

36 жастағы Стефани Вигглесвор тіліне кішігірім жара шыққанын байқаған. Алайда оған аса назар аудармаған келіншек бейқамдығы үшін тілінен айырылатынын мүлде ойламаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ passion.ru басылымына сілтеме жасап.

36 жастағы келіншек кішігірім жара үшін тілінен айырылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Стефанидің тіліндегі жара біресе кетіп, біресе қайта шыға бастады.

Әйел адамның басы үнемі ауырып, тілі жансызданып қала беретін болған. Сол себепті дәрігерге жүгінген ол барлық тексерістен өтті. Алайда айтарлықтай ештеңе анықталмады.

Содан кейін әйел адам невролог маманға жүгініп, қайта сараптама жасауды сүраған. Екінші тексерісте Стефаниден ауыс қуысының және тілдің қатерлі ісігі анықталды. Ол кезде келіншек 30 жаста еді. Көп жағдайда бұл ауруды тек 50% адамдар ғана жеңе алады екен.

Стефанидің өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы - оның тілінен қатерлі ісік жасушалары бар бөлігін алып тастау еді. Алайда, жаңа технологиялар мен ғылымның қазіргі жетістіктерінің арқасында дәрігерлер ол үшін жаңа тіл жасап берді.

Стефанидің тілін қалпына келтіру операциясы шамамен алты сағатқа созылды. Хирургтар әйелдің мойнын тіліп, сол арқылы тілдің зақымданған бөлігін алып тастады.

Содан кейін Стефанидің сол қолынан алынған ұзын тамырдан, теріден және бұлшықеттерден тіл жасап, орнына қайта келтірілді.

Әйел адамның сөзінше, қолындағы жара оған ота жасалған тілге қарағанда әлдеқайда көп қолайсыздық туғызыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831451-36-zastagy-kelinsek-kisigirim-zara-sin-tilinen-ajyryldy/

pixel