Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық келіншек омырауынан артылған сүтпен 30-ға жуық баланы тойдырған

Опубликовано:

Әдетте балалы болған әйел адамдар өз сүті жетпей, жаңа туған нәрестені қосымша тамақтандыруға тура келіп жатады. Алайда АҚШ тұрғыны Кристина Реште бәрі басқаша болған. Ол сәбиін өмірге әкелгеннен кейін, сүті көп мөлшерде артылып қалатынын байқаған. Жас келіншек тіпті сүтін тоңазытқышта сақтап жүріпті деп жазады KAZ.NUR.KZ letidor.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: VOSTOCK
Фото: VOSTOCK: Depositphotos

Басылымның жазуынша, Кристинаның омырау сүті күніне екі-үш литрге дейін жиналып қалатын болған. Бастапқыда әйел адам артылған сүтті емізулі қызы бар құрбысына беріп жүрген.

Алайда сүт шығумен проблемалар болған. Дегемен Кристинада сүт артылып қалып қоя берген.

Осыдан кейін ол Facebook желісі арқылы мұқтаж балаларды іздеп, нәтижесінде 17-і айда Кристина 355 литр омырау сүтін беріп, тағы 28 сәбиге көмектескен.

Дереккөздің жазуынша, оның негізі клиенттері жетім әйелдер мен жасанды сүтті қажетсінбеген олардың балалары болған.

Сонымен қатар оған нәрестелерін өздігінен емізе алмаған аналар жүгінген.

Тіпті, Кристинаға 100 шақырым жерден келген егіздердің де анасы табылыпты.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар "сүтім шықпайды" деп уайымдайтын жас аналарға кеңес бергенін жазған едік.

Олардың сөзінше, алдымен расында да сүт мөлшері азайған ба, жеткіліксіз бе, соны анықтап алуға тырысу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1832860-amerikalyk-kelinsek-omyrauynan-artylgan-stpen-30-ga-zuyk-balany-tojdyrgan/

pixel