RU

Ақмола облысында бизнестің 36 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда

Облыста «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 36 жоба мақұлданды. Бұл туралы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов хабарлады, деп ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Ақмола облысында бизнестің 36 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Басшының орынбасарының айтуынша, облыста «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы базасында Жобалық кеңсе жұмыс істейді, бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінің, АӨК және қызмет көрсету саласының 52 жобасынан 32,7 млрд.теңге сомасына «Қарапайым заттар экономикасы» портфелі құрылды. 16 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды.

«Банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарауында 17,5 млрд теңге сомасына 6 жоба, жобалық кеңсенің жұмысында 7,6 млрд теңгеге 10 жоба бар», – деп хабарлады Айдрахманов.

Осы бағдарламаның арқасында өңірде 27 түрлі жаңа өндіріс ашылып, кеңейтілуде. Олардың қатарында ет және сүт өнімдерін, зығыр майын, сұлы үлпектерін шығаратын, киім шығаратын, кеңсе және студиялық жиһаз шығаратын кәсіпорындар мен цехтар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1833021-akmola-oblysynda-biznesti-36-zobasyn-zzege-asyru-zosparlanuda/