Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткенді құшақтап алған кенгуру көпшіліктің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Австралиялық "The Kangaroo Sanctuary" атты қорықтың ресми парақшасында ерекше сурет пайда болды. Онда кенгурудың жергілікті журналист, InStyle журналының бас редакторы Лаура Браунды құшақтап тұрған суреті жарияланды. Әлем жұртшылығы аталған суретті көріп, жануардың "ерекше" әрекетіне тамсанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Қорықтың ресми парақшасы салынған аталған суретте:

"Аби патшайым мен Лаура бір-бірін құшақтауды ұнатады", - деп жазылған.

Ал журналистің өзі болса желідегі парақшасында өзге ракурстағы видеосымен бөліскен. Ол аталған ролик осыдан үш жыл бұрын, австралиялық қорықта түсірілгенін мәлімдеген. Сондай-ақ Лаура:

"Мен оны құтқармадым, бірақ ол әзірше ғана", - деген жазба қалдырған.

Сонымен қатар журналист өз оқырмандарынан Австралияда орман өртінен қырылып жатқан жануарларды құтқару үшін, ақша аударуды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Австралияның шығыс жағалауы былтырғы жылдың қазан айынан бастап алапат өртке оранғанын хабарлаған едік. Тілсіз жау бүгінде 6,5 млн га орманды өртеп, 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 3 мыңнан астам әкімшілік және шаруашылық нысандарын жоқ қылған-ды.

Сонымен бірге, қазіргі таңда алапат өрт салдарынан 1 миллиардқа жуық жан-жануардың қырылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835594-bojzetkendi-ksaktap-algan-kenguru-kpsilikti-zregin-elziretti/

pixel