Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шайқұмарлардың неліктен ұзақ өмір сүретіні белгілі болды

Опубликовано:

Қытайлық ғалымдар көк шайды көп тұтынатын адамдардың басқаларға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Парламентская газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шайқұмарлардың неліктен ұзақ өмір сүретіні анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ғалымдар зерттеу жұмысын 1998 жылдан келе жатқан China-PAR. жобасы аясында жүргізді. Оның басты міндеті - жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін зерттеу.

Зерттеу жұмысы барысында ғалымдар халық арасында шай ішудің жиілігі жайлы сауалнамалар жүргізді. Сонымен қатар, пациенттердің аурулары мен қайтыс болғанын растайтын куәлігі де зерттелді.

Бақылау кезінде респонденттер тек көк шай ішкен. Олардың тек 8%-ы қара шайға құмартқан.

Екі түрлі сусынға жасалған сараптама нәтижесі бойынша, тек көк шайдың денсаулыққа оң әсерін беретіні анықталды.

Әр қатысушыны бақылауға арналған орташа уақыт 7,3 жылды құрады. Осы уақыт аралығында шайды жиі тұтынған адамдарда инсульт пен жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу мүмкіндігі 20%-ға төмендегені байқалды.

Сондай-ақ, арты өлімге әкеп соғатын жүрек ауруларының саны 22%-ға, ал кез келген себептен болуы мүмкін өлім қаупі 15%-ға төмендеді.

Жалпы алғанда сарапшылар 100 902 адамның денсаулығын бақылады.

Естеріңізге сала кетейік, таңертең ыстық кофенің орнына су ішкеннің неліктен ағза үшін пайдалы екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835823-sajkmarlardy-nelikten-zak-mir-sretini-belgili-boldy/

pixel