Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал өзбек дизайнері жалға алған пәтерінен өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Өзбекстан астанасында танымал дизайнер Нариман Григорянның жалға алған үйінен денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Нариман Григорян. Фото: facebook.com / Нариман Григорян
Нариман Григорян. Фото: facebook.com / Нариман Григорян: Facebook

Мұндай ақпарат 14 қаңтарда Facebook желісіндегі Uzbfashion парақшасында жарияланған.

Хабарламаны Өзбекстанның Бас прокуратура да растаған.

Ведомство баспасөз қызметінің "Газете.uz"-ға хабарлауынша, оқиға жайлы хабар Яшнабад аудандық ІІБ үйлестіру қызметі басқармасына 14 қаңтар күні 11:50-де түскен.

Бас прокуратура ақпаратына сәйкес, Нариман Григорянның денесі өзі жалға алып тұрып жатқан Яшнабад ауданындағы, Чигил көшесіндегі үйден табылған. Оның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері анықталған.

Дизайнердің өліміне қатысты Яшнабад ауданының прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97 бабы, 1 бөлімі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, Нариман Григорян - танымал өзбек дизайнері, хореограф, "Тодестің" алғашқы құрамында болған, халықаралық көрсетілімдер, байқаулар мен фестивальдерге қатысқан. 2004-2008 жылдары Өзбекстанның Хореография академиясында оқыған. Ташкентте Nariman Grigoryan брендті дүкендері болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың жеке стилисі қонақ үйден өлі күйінде табылғаны хабарланған.

Рикардо Маркеса Феррейрудың өлі денесі 1-қарашада Цюрихтегі қонақ үйлердің бірінен табылған. Шаштараз 40 жаста болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836156-tanymal-zbek-dizajneri-zalga-algan-pterinen-li-kjinde-tabyldy/

pixel